+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Елордада көлігін жудыруға келген жүргізуші асханадан смартфон ұрлап кетті

2021 жылғы 13 қыркүйек 02:00
Бөлісіңіз:
Елордада көлігін жудыруға келген жүргізуші асханадан смартфон ұрлап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Нұр-Сұлтан полициясы жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының барысында елорданың 39 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Кілтін алып қойған: СҚО тұрғыны таксидің мас жүргізушісін ұстап берді Алматы полициясы қаладағы барлық мектептің қауіпсіздігін тексерді 2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында күдіктінің Пушкин көшесіндегі көлік жуу орнына келгені және көлігін жуып біткенше, уақыт өткізуді ойлап, жақын маңдағы асханалардың біріне кіргені анықталды. Ал тамағының ақысын төлеп жатқанда күдікті сатушының «Oppo» маркілі телефонын көреді. Телефонды ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген ол оны ұрлап кеткен.

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өзінің істегенін мойындады, енді оның қала аймағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындарға қырағы болып, жұмыс орыындарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT