Елордада қоқыстан тазарту жәрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау мақсатында елордада «Vпереработку» экологиялық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

«2 маусымда әкімдікпен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинауды насихаттау мақсатында «Vпереработку» экологиялық жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Жәрмеңке өтетін аумақта пластикалық қалдықтар, макулатура, шыны құтылары, электрондық қалдықтар мен қолданыстан шыққан көлік құралдарын қабылдау орындары ұйымдастырылады», - деді басқармада.

Айта кетейік, 2018 жылы Астана қаласының қалдықтарын басқару жүйесін жаңғыртуға 5,2 млрд теңге бөлінеді. Барлық қатты тұрмыстық қалдықтар құрғақ және дымқыл фракциялар деп ажыратылады. Қоқысты құрғақ фракция бойынша жинау үшін көлемі 1,1 м3 болатын  6 276 сары евроконтейнер мен оларға қызмет көрсететін 25 қоқыс таситын көлік сатылып алынады.

Соңғы жаңалықтар