Елордада Көктем Fest өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада 27 сәуірде «Көктем Fest» фестивалі аясында ұлттық спорттан түрлі шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Байқоңыр» ауданының әкімдігі мен қалалық құрылымдар.

Фестиваль аясында қызықты да көңілді шаралар өтеді. Атап айтқанда, арқан тартыс, асық ату, армрестлинг секілді жарыстарды тамашалауға болады.

Сондай-ақ, қазақ күресінен «Байқоңыр барысы» турнирі өтеді. Оған 40-тан астам балуан қатысады.

Шара қаланың сыртында, Павлодар тас жолының бойында полиция бекетінің оң жақ бетіндегі алқапта өткізіледі. Оған №307 автобуспен баруға болады.

Соңғы жаңалықтар