Елордада көктайғаққа байланысты тағы бір жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көктайғаққа байланысты тағы бір жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 ақпанда сағат 20.00-ден бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» жолының 19-180 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласы – Қорғалжын қорығы) аралығында автокөліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 19.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» бағытындағы жол жабылған еді.


Соңғы жаңалықтар