×
+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Елордада көктайғаққа байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

2020 жылғы 27 ақпан 09:17
Бөлісіңіз:
Елордада көктайғаққа байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жауын-шашыннан кейін көшелер мен аулалар көктайғақ болды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалада ескерту жарияланды. Коммуналдық қызметтер қарды тазалау жұмыстарын жалғастырып, көктайғақты болдырмау үшін тайғаққа қарсы қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 200 ассенизаторлық машина су жинауға шықты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов бірнеше жерді аралап, жұмыс барысын бақылады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қолайсыз ауа-райы жағдайында жұмыс істеген коммуналдық қызметкерлер сыйақы алатын болады.

26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1300-ге жуық арнайы техника мен 1 мың жұмысшы шықты. Ал 26 ақпанда 1625 бірлік арнайы техника мен 1,5 мыңнан астам жол жұмысшылары жұмылдырылды.

Барлығы 4 млн 800 мың текше метр қар шығарылды (өткен жылы - 1 млн 900 мың текше метр қар).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT