Елордада Көкталға баратын бес автобус бағдарының қозғалысы өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көктал елді мекеніне кіреберістегі Д.Бабатайұлы көшесінде жөндеу жұмысына байланысты бес автобус бағдарының қозғалысы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTS компаниясына сілтеме жасап.

«Н.Тілендиев даңғылы мен Д. Бабатайұлы көшесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты №№5, 5А, 8, 34, 54 бағдарлар қозғалысы уақытша өзгереді», делінген хабарламада.
Бағдарлардың өзгертілген қозғалыс сызбасы төмендегі суретте көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар