+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Елордада қоғамдық орындарға бармастан қандай қызметтерді онлайн алуға болады

2020 жылғы 16 наурыз 10:11
Бөлісіңіз:
Елордада қоғамдық орындарға бармастан қандай қызметтерді онлайн алуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова қоғамдық орындарға бармай-ақ қызметтерді онлайн алуға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 101 жастағы кейуанаға жаңа куәлік үйіне жеткізіліп берді Үкімет басшысы: 2025 жылға дейін халықтың цифрлық сауатын 87 пайызға жеткізу керек Асқар Мамин «Цифрлық білім» жобасын ауқымды түрде іске асыруды тапсырды

«Құрметті тұрғындар, елімізде коронавирустың таралмауы жөніндегі арнайы шаралардың қабылдануына байланысты қоғамдық орындарға барудан аулақ болу ұсынылады. Сондықтан сізге кейбір қызметтерді онлайн алуға болатындығын ескертеміз», деп жазды М. Бектұрова Telegram-дағы парақшасында.
iqala.kz порталында үйден шықпай-ақ жарық, су, электр, телефон және қызметтердің 100-ден астам түрін қосу бойынша келісімшартқа қол қоюға болады.
«Сонымен қатар сіз лифт пен көлік картасын толықтыра аласыз, коммуналдық қызметтерге ақы төлей аласыз, көлік салығын есептей аласыз, су есептегіштердің көрсеткіштерін тексеріп, қайырымдылыққа салым жасай аласыз, сонымен қатар Smart Astana қосымшасында карантинге қатысты барлық ақпаратты ала аласыз.
e.astana.kz порталында онлайн режімде баланы кезекке қоюға немесе оның қозғалысын қадағауға, ПМПК емтиханына тіркелуге немесе балабақшадан орын алуға болады», деп жазды қала әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, тұрғындар цифрлық қызметтерді пайдаланып, өзіне және жақындарына қамқорлық жасауы керек, қоғамдық орындарға баруды барынша азайтуы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT