Елордада қоғамдық көліктерге дезинфекция жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр Сұлтанда автопарктер мен автобустарға ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жұмыстары өтуде. Жұмыс аясында адам көп жиналатын орындардың барлығы қамтылған. Қалалық қызметтер автобустарда, автобус паркі ғимараттарында да дезинфекция жүргізді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 20-21 маусымда барлық қоғамдық көлік тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы қайта жанданады. Экспресс маршруттардың жұмысы туралы ақпарат қосымша ұсынылады.

«Бағдарларды күнделікті дезинфекциялау жалғасатынын, жүргізушілер соңғы аялдама орындарында дымқыл тазалау жүргізетінін хабарлаймыз. Маска тағу режимін сақтауды ұмытпаңыз – автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Автобусқа отыру тек алдыңғы есік арқылы жүргізіледі. Төлем қолма-қол ақшасыз – көлік картасы, SMS, QR коды арқылы жасалады», - дейді елорда әкімдігі.


Соңғы жаңалықтар