Елордада қоғамдық көлікте жолақы төлеудің тағы бір жүйесі енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» компаниясы қоғамдық көлікте жолақы төлеудің тағы бір әдісін енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компанияның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, астаналықтар SENIM мобильдік қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы жолақыны төлей алады. Мобильдік қосымшада сканерлеуге арналған тиісті түймеше бар. Сонымен бірге, қосымшаның көмегімен жолақыны кез келген банк карточкасынан төлеуге болады.

«Астана LRT» компаниясы бүгінде SMS/QR-код бойынша жолақы төлеудің бірнеше түрі барын еске салады.

Мобильдік қосымшалар:

1) Homebank (HalykBank және Qazkom карталары арқылы ғана).

2) SMSBUS (телефондағы баланс немесе банк картасы арқылы төлеуге болады; кез келген банк картасын байланыстыруға мүмкіндік бар).

3) My Beeline (Beeline абоненттері үшін қолайлы. Жолақысы телефон балансы арқылы төленеді).

4) OYBY (банк картасымен төлеу; кез келген банк картасын байланыстыруға мүмкіндік бар. Ал OYBY (Ойбай!) үшін автобус салонында жеке QR-код жапсырмалары жазулы).

Сонымен қатар, телефондағы баланспен SMS арқылы төлеуге болады (2505 нөміріне хабарлама жіберу арқылы, Activ/Kcell, Beeline абоненттері үшін қолжетімді).

Соңғы жаңалықтар