+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

2020 жылғы 25 наурыз 16:00
Бөлісіңіз:
Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CTS компаниясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Компания мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штаб шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Автобустардың жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады.

Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Олар: Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 және 318) ауылдарына жүретін автобустар тоқтатылды.

Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

«Бүгінгі күні автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау - 98 пайыз. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлемге өтуге кеңес беріледі. Барлық тариф жоспарларын және көлік карталарын біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантин қатаңдатылған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасына қарсы жедел штаб қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселені көтеруі мүмкін», - деп атап өтеді компаниядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT