Елордада қоғамдық көлік ақысын төлеу жүйесі жаңарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында автобус ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолақысын төлеуге қатысты жаңашылдықтар жол жүру құнына әсер етпейді. Осыған дейінгі тарифтер сол күйінде өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, төлем жасау жүйесін жаңарту инвестордың есебінен жүзеге асырылмақ. Яғни бюджет қаражаты жұмсалмайды. Бүгін 3 компания өз өнімін ұсынып отыр, соның біреуін таңдайтын боламыз. Біздің серіктестерімізге қоятын басты талабымыз жаңартылған төлем жасау жүйесінің жолаушылар үшін ыңғайлы болуы. Және жолаушыда таңдау болуы керек», - деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде елорданың бірнеше автобусында жолақысын кез келген екінші деңгейдегі банктің картасы арқылы төлеу тестілеуден өтіп жатыр.

Пилоттық жоба аясындағы тағы бір жаңашылдық жолаушы VISA және Mastercard картасы, сондай-ақ NFC жүйесі бар смартфон арқылы да төлем жасауға болатыны айтылды.

Төлем жасау мен бірлікті толтырудың жаңа жүйесі №61 қалалық бағыттағы 3 автобуста және қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 қоғамдық көліктерде пилоттық жоба түрінде іске асып жатыр.


Соңғы жаңалықтар