+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Елордада «Kóshpendiler Álemi» халықаралық этнофестивалі өтіп жатыр

2019 жылғы 29 маусым 12:17
Бөлісіңіз:
Елордада «Kóshpendiler Álemi» халықаралық этнофестивалі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Kóshpendiler Álemi» IV халықаралық этнофестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Этнофестивальге елімізден бөлек, Түркия, Әзербайжан, Болгария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысуда.
null
null

Осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатқан айтулы шараның мақсаты - көшпенділердің тарихын және мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық салт-дәстүр мен көшпенділер өнерін жаңғырту. Сондай-ақ тарихы көшпенділікпен байланысы бар мемлекеттер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту.
null

«Этнофестиваль республика бойынша осымен төртінші рет, ал елордада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Көшпенділік - бұл біздің өткен тарихымыз. Мақсатымыз - өткенімізді жаңғырту. Бұл біз үшін және болашақ ұрпақ үшін маңызды. Сондай-ақ, аталған шараның тәрбиелік мәні зор. Себебі, бұл жерде ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз бен өнеріміз дәріптеледі. Сонымен қатар, этнофестивальге шет мемлекеттер өкілдері қатысуда. Бұл өз кезегінде елімізге туристер тартудың бір жолы. Фестиваль қатысушыларына сәттілік тілеймін», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов.
null

Оның айтуына қарағанда, елорда тұрғындары мен қонақтары фестиваль барысында көшпенділер шеруі, кәсіби садақшылар жарысы, көкпаршылар мен бүркітшілердің сайысы, жекпе-жек жарысы және шабандоздар өнерін тамашалай алады.

«Фестиваль қонақтарында көшпенділердің өмір салтына, тарихына үңілу мүмкіндіктері бар. Мұнда келген әрбір қонақ этномәдениеттің көпқырлылығын сезініп, халықтың өмірі мен салт-дәстүрлері және көшпенділер тұрмысымен таныса алады. Және де отандық қолөнершілердің шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Атап айтқанда, киіз басу, былғары, күміс және ұршықпен жұмыс істеуді үйрене алады. Одан бөлек, сақ, қаңлы, үйсін және ғұн тайпаларының костюмдер көрсетілімі өтеді», - дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Шара екі күнге жалғасады.
null
null


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT