+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елордада кішкентай қыз бала 100-ден астам магнитті жұтып қойған

2021 жылғы 16 қыркүйек 10:50
Бөлісіңіз:
Елордада кішкентай қыз бала 100-ден астам магнитті жұтып қойған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жеті жасар қыз бала 100-ден астам кішкентай магнитті жұтып қойған. Хирургтер ота жасап, баланың мұрны мен асқазанынан магниттерді алып тастады. Бала қазір емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңдай шетелдік жауапқа тартылды Елордада құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды Астаналықты пышақпен қорқытып ұялы телефонын алған күдікті ұсталды

Ата-аналар баласын дамытуға арналған ойыншықтармен қуантамын деп жүріп, оның денсаулығына қандай зиян келтіргенін білмей қалуы да мүмкін. Бұл бір-біріне жабысатын магнит шар, текше, моншақ тәрізді ойыншыққа қатысты.

Былтыр №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) және бронхтарға бөгде заттар түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген.

«Негізінен түйме, моншақ, пульттің батареясы секілді түрлі ұсақ затты жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер алып тастаған бөгде заттардың 17 пайызы – магнит. Көбінесе мұндай жағдай бала ойнап жүргенде, қараусыз қалғанда болады», – дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Аурухананың мәліметінше, 56 баланың өңешінен осыған ұқсас бөгде заттар алынған, 80 баланың асқазан мен асқазан-ішек жолынан осныдай заттар табылды, бөтен заттар бронх және тыныс жолына түсіп кеткен 30 бала тіркелген.

«Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық (МРТ) зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жасар қызға операция жасалды. Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер бөтен заттар мұрынын (магниттер) бітеп қалғанын анықтады.

Осыдан кейін бала рентгенге түсуге жіберіліп, асқазанда магниттердің жиналғаны анықтады. Нәтижесінде біз 100-ден астам кішкентай магнитті алып тастадық. Қазіргі уақытта баланы тексеру және толық емдеу жүргізіліп жатыр», – деді аурухананың хирургия блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

«Егер бала магнитті жұтып қойса, ол өңеште тұрып қалады, ал басқа жағдайда асқазанға түседі. Одан әрі бөгде заттардың асқазан-ішек жолдарына түсіп кетуіне айналмалы бұлшық ет кедергі келтіреді. Егер магниттің өткір, үшкір тұстары болса, өңештің шырышты қабығына әртүрлі деңгейде зақым келеді, тіпті тіліп кетуі мүмкін. Әсіресе ауыр зардаптар бөтен затты бірден емес, бірнеше күннен кейін алып шыққан кездер болды. Қабыну салдарынан инфильтрация ғана емес, тіндердің некрозын тудыратын жара пайда болады», – деді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Сондай-ақ, ол бөгде зат денеде неғұрлым ұзақ болса, бала үшін соғұрлым қауіпті.

«Егер бала бір магнитті жұтып қойса, онда ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер олар денеде ұзақ уақыт болса жағдай қиындайды. Олар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Ал жабысқан жерде некроз перфорацияға дейін дамиды және перитонитке ұласады. Егер тыныс алу жолында бөгде зат болса, онда ол ателектазге ұласады, сол жерде перфорация, медиастинит пайда болып, іріңдей бастайды, ал егер асқазанға не ішекке түссе де перфорация мен перитонит тудырады», – дейді маман Нұржанов.

Дәрігерлер ата-аналарға сақ болуы керектігін және мұндай жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT