Елордада кезекті Astana Media Week өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астанада медиа саласында Орталық Азиядағы ең ірі шараға айналған Astana Media Week басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші рет ұйымдастырылған бұл жиынға 2 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде, олардың арасында Қазақстан мен шет елдердегі медиаиндустрияның 60-қа жуық топ-менеджерлері, 50-ден астам  продакшн-компаниялар бар.

Astana Media Week 26-28 қыркүйек аралығында үш күнге созылады. Бұл күндері контент-маркет көрмелерін, өңірлік БАҚ форумын және Astana Digital Forum ұйымдастыру жоспарланған.

Жиынның күн тәртібінде болашақтағы мамандықтар, медианарықтың дамуы, сауаттылық пен білім берудегі өзекті мәселелер талқыланбақ.  Сонымен бірге, қатысушыларға коммуникациялар, медиа-менеджмент, әлеуметтік желіде жұмыцс істеу бойынша шеберлік сыныптары өтеді.

Апталықтың жабылу салтанатында Қазақстандағы үздік баспасөз қызметі жарияланады.

Айта кетейік, 2017 жылдың 4-6 қазанында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан телевидениесі тарихында тұңғыш рет  халықаралық Astana Media Week контент-алаңын ұйымдастырған болатын. Оған  Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь елінен келген 2 мыңға жуық қонақ қатысты.

Соңғы жаңалықтар