Елордада кейбір интернет-ресурстар ашылмай қалуы мүмкін - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елордада интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмай қалу жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі
уақытта құзырлы мемлекеттік органдар байланыс операторларымен бірлесіп,
Нұр-Сұлтан қаласында азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жекеменшік
компанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан, түрлі
киберқауіптерден қорғау мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізуде. Жекелеген
интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда мобильді
құрылғыларыңыздың (ұялы телефон, планшет) тіркелгенін немесе тіркелмегенін
тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында
орналастырылған) орнатуды ұсынамыз», - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, жағдайды реттеу үшін өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуға болады.
- Еуразия ұлттық университетінің өкілдері тікелей эфирден 10 сағат бойы студенттердің сауалдарына жауап берді
- Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға алданып, 1 млн теңгесінен айырылды
- Қазақстанда «Ашық үкімет» платформасы құрылды
- Агросаладағы сұрақтарға жылдам жауап беретін Telegram-бот іске қосылды
-
Атырау облысының шалғайдағы ауылына ғаламтор желісі келді
-
85 мың оқушыға Қазақстанда шығарылған компьютер тапсырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам