+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елордада Керей, Жәнібек хандар - Ақмешіт көшелері қиылысында жол қозғалысына өзгерістер енгізілді

2021 жылғы 12 маусым 17:51
Бөлісіңіз:
Елордада Керей, Жәнібек хандар - Ақмешіт көшелері қиылысында жол қозғалысына өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Керей, Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында барлық қатысушы үшін қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жол қозғалысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды Елордада ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты Елордалық волонтерлер вакцина алуға шақырған акция ұйымдастырды

Жол-көлік оқиғаларының саны мен себептерін зерделей келе 2020 жылы 250-ден астам факті тіркелгенін, сондай-ақ учаске «Ботаникалық бақ» саябағына қарай жаяу жүргіншілер бағытында екенін назарға ала отырып, жаяу жүргіншілердің Керей, Жәнібек хандар көшесі арқылы өтуі үшін бағдаршамның жану уақыты 18-ден 24 секундқа дейін ұлғайтылды.

Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ақмешіт көшесіне қарсы ағынмен кедергісіз солға бұрылу үшін бағдаршам объектісінің қосымша секциялары орнатылды.

Ақмешіт көшесі бойындағы бұрылу маневрлері алынып тасталды, сонымен қатар қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақмешіт көшесі бойымен Алматы көшесі жағынан Түркістан көшесі бағытында қозғалыс кезінде сол жақ бұрылу маневрлерін алып тастау туралы мәселе қаралуда.

Осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан осы өзгерістерді назарға алуды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT