Елордада кептеліске байланысты автобустар 50 минутқа дейін кешігіп жатыр

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қоғамдық көліктің аялдамалар арасындағы интервалы 50 минутқа дейін жетті. Бұған қаладағы кептелістер себеп, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта қала көшелеріндегі кептелістерге байланысты, автобус маршруттарының 50 минутқа дейін кешігуі бар. Қоғамдық көлікке арналған жолағы жоқ учаскелерде автобустар интервалының ауытқуы аса байқалады. Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысын онлайн режимде бақылап отыр», - делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада қыс түскелі 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды. Тек 7 ақпанға қараған түні 9,4 мың текше метр немесе 721 рейс қар жиналды.

Сондай-ақ қазір қалада су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар