Елордада кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 қыркүйек күні сағат 12:00-де «Денсаулық фестивалі» науқаны басталады. Қаланың әрбір тұрғыны қызықты спорттық шараға қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның мақсаты - қоғамның, қалың бұқараның назарын белсенді өмір салтына аудару, әртүрлі жастағы тұрғындардың дене белсенділігінің денсаулыққа тигізер пайдасы туралы мәлімет беру, сонымен қатар ДДҰ сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес, күнделікті жеткілікті физикалық белсенділік дағдыларын дамыту.

Акция аясында «Денсаулық қалашығы» құрылады, онда кез келген адам флюорографиядан өтіп, салмағын, бойын, қан қысымын, холестеринді және қандағы қант деңгейін өлшей алады. МӘМС, скрининг және тағы басқа мәселелер бойынша мамандардан кеңес алуға болады.

Күні бойы елорда тұрғындары үшін концерттік бағдарлама, би, фитнес жаттығулары өтеді, сонымен қоса лотерея ойнатылады.

Джиу-джитсу стиліндегі күрес, скандинавиялық серуендеу бойынша мастер-класс ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары төтенше жағдайлар туралы шеберлік сабағын өткізеді.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырып отыр.





Соңғы жаңалықтар