Елордада келіншек қарулы адамдар тонады деп жалған арыз берген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тұрғындардың берген жалған шағымдары бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқаны туралы хабар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД мәліметінше, 36 жастағы ер адам полицияға хабарласып, көшеде белгісіз біреу ұялы телефонын, құжаттары мен ақшасы салынған әмиянын тартып әкетті деп арызданған. Аталмыш факті бойынша «Тонау» бабына сәйкес сотқа дейін тергеу амалдары басталып кетті. Алайда, тергеу барысында ер адам оқиғаны ойдан шығарып, телефон мен әмиянын өзі жоғалтып алғанын айтқан.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабы (көрінеу жалған сөз жеткізу)  бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Екінші жағдайда полицияға келіншек таксиде екі белгісіз адам пышақпен қорқытып, ұялы телефоны мен әмиянын тартып алды деп шағым түсірген. Аталмыш факті ҚР ҚК («Қарақшылық») бабы бойынша тіркелген. Тергеу барысында келіншек тонаушыларды ойдан шығарып, ұялы телефонын өзі қалдырып кеткенін және дәл осындай жолмен полиция оны тауып беретініне сенгенін айтқан.

31 жастағы келіншекке адамға да қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабы (көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер жалған шағым үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Мұндай хабар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіледі, дәл осындай жағдай полициейлердің нақты қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен айналысуына кедергі келтіреді.

 

 

Соңғы жаңалықтар