Елордада Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтеді

None
None
nbsp;АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Маусымның 22-23-і күндері ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

Бұл ақпаратты аталған министрліктің баспасөз қызметі таратып отыр.

Кеңеске ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Байланыс және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері қатысады.

«Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы қазанның 21-індегі №106 шешіміне сәйкес 2011 жылғы маусымның 1-інен бастап қазақстан-ресей шекарасындағы көліктік бақылау Кеден одағының сыртқы шекарасына көшіріледі. Осыған орай кеңесте көліктік бақылауды Кеден одағының сыртқы шекарасына көшіруді ұйымдастыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланады», делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік бақылауды ұйымдастыру туралы ҚР және РФ Үкіметтері арасындағы келісім жобасы, Ресей мен Қазақстан аумақтарында көліктік бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілер талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар