Елордада қазынашылық қызметкерлері флешмоб ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елордалық қазынашылық қызметкерлері флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізге деген шынайы сүйіспеншілік сезімдерін білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесінің құрметіне орай елордалық қазынашылық қызметкерлері флешмоб ұйымдастырды. Олар флешмоб арқылы Қазақстанның егеменді халқы, бейбіт әрі келісімде өмір сүруі үшін өскелең ұрпаққа оларды одан әрі сақтау, дамыту, нығайту үшін табыстауға тәуелсіздігіміздің негізгі игіліктерін сипаттады.

Қазақстанның Тәуелсіздігі қазақ елі мен ұлт тарихында, қазақ халқының даңқты жылнамасында ерекше тарих беттері болып қала бермек. Мемлекеттің егемендік алуы – бүгінде еңсесі биік тәуелсіз ел болу үшін алдыңғы ұрпақтың талай қиындықты бастан кешіріп, мойымай өткерген ерлігінің нәтижесі. Қазіргі ұрпақ заманауи Қазақстанның құрылуы сияқты осынау дәуірлік әрі айырықша оқиғаның куәгері болып отыр. Осы жылдары еліміздің дамуында орасан зор қарқынды серпіліс болды.

Тәуелсіз Қазақстан жылдары еліміз тар жол тайғақ кешу жылдарын басынан өткізе отырып, қиындықтарды басынан кешіре отырып, сонау биіктерді бағындырып, біздің еліміз ел арасында тыныштықты, тұрақтылықты, халқымыздың келісімі мен бірлігін, мәдени құндылықтарын сақтай білді, сонымен қатар тәуелсіз еліміздің нышаны астананы салды. Қазақстанда тәуелсіз Отанымыздың қасиетті сипатын көрсететін еліміздің мызғымас негізінің бірі - егемендігін білдіретін мемлекеттік рәміздер бекітілді. Міне, осы ерекшелікті еліміз егемендік жариялаған күннен бастап қол жеткізген басты игілігі деп санауға болады.

Соңғы жаңалықтар