Елордада «Қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және гуманитарлық нормалар» атты халықаралық форум өтеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарашаның 9-ы мен 13-і аралығында Астанада Халықаралық қызыл крест комитеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен бірлесе отырып, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, «Қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және гуманитарлық нормалар» атты халықаралық форум өткізуді жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін елордада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған деректерге қарағанда, форум жұмысына Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері  мемлекеттік басқару құрылымдары және академиялық басқару топтарының өкілдері қатысады.

Алқалы жиын бағдарламасы қазіргі кездегі әлеуетті гуманитарлық мәселелерге байланысты ұлттық заңнамаға гуманитарлық нормаларды енгізу мен оларды қолдану жөніндегі тақырыптарды қамтитын болады.

Соңғы жаңалықтар