Елордада «Қазавтожол - 2009». Жабдықтар, құрылыс және жол кешенінің қызмет көрсету индустриясы» атты VI қазақстандық халықаралық көрме ашылды

None
None
АНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы «Көрме» кешенінде «Қазавтожол - 2009». Жабдықтар, құрылыс және жол кешенінің қызмет көрсету индустриясы» атты VI қазақстандық халықаралық көрме ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Көрменің басты мақсаты - заманауи жол-құрылыс техникаларымен, жол құрылысына, күтіміне, жөндеуге қажетті құрал-жадықтармен таныстыру. Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техникалар, құрал-жабықтар шығаратын компаниялармен  құрылыс мекемелерін бір алаңда біріктіру болып табылады.

 Аталған шараға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларус, Словакия, Германия сияқты елдердің 100-ге тарта компаниялары қатысуда. Көрме жұмысы автокөлік жолдарын, көпірлер мен жолжабындарын қалпына келтіру, жөндеу және күту, жол қозғалысы қауіпсіздігінің техникалық құралдары, жол жиегі қоршаулары, арнайы киімдер сияқты бағыттар бойынша жалғасуда.

 Қарашаның 12-не дейін созылатын көрме барысында жол құрылысы техникасымен қамтамасыз ететін компаниялар, қаржы құрылымдарының өкілдері және еліміздің жол құрылысы саласының жетекші мамандарының қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар