Елордада Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі мүмкіндіктері қаралады

None
None
анның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазанның 28-де Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы және Жаңа демократия институты бірлесе отырып,  «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы:қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.

 Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, аталған конференцияға қатысушылар Қазақстанның 2010 жылы  ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұрғысындағы барлық мәселелер бойынша кеңінен пікір алмаспақ.

 Конференция жұмысына дипломаттар, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар