Елордада Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бүгін біз үшінші рет өткізіліп жатқан ауыл әйелдерінің біріктіруші және ынталандырушы алаңына айналған үшінші республикалық форумды ашып отырғаныма өте қуаныштымын. Жыл сайын қатарымыз жаңа есімдермен толықтырылып жатыр. Өкінішке қарай, аналарымыздың жұмысын көріп, қолдап қайту үшін біз биыл ауылдарға бара алмадық. Көріп отырғаныңыздай, қашықтық бізге кедергі емес, онлайн режимде де кездесіп отырмыз. Әрқайсыңыз өз ауылының қамын жеген өз өңіріңіздің көрнекті өкілісіз. Президент өзінің Жолдауында айтқандай, бәсекеге қабілетті экономика ауыл шаруашылығын дамытпай құрылмайды», - деді Мәжіліс депутаты Майра Айсина.

Оның айтуынша Қазақстан халқының жартысы ауылда тұрады. Оның 4 миллионы әйелдер.

«Форум жұмысы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына айтарлықтай серпін беретініне сенімдіміз. Бұл әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жақсартады. Сүттің 70% және көкөністердің 90% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Президенттің жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін шешуші түрде пайдалану қажеттілігіне назар аударуы бекер емес. Елімізде әйелдер ауылдың дамуы үшін орасан зор еңбегін сіңіруде», - деді ол.

Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы барасында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады.


Соңғы жаңалықтар