Елордада «Қазақстан және өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/  - Бүгін Астанада «Қазақстан және өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бірнеше жылдардан бері аталған бастама елімізде енгізілуде. Бұл бастама өндіруші компаниялардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы шараларды жүзеге асыруда  тәуелсіз аудиторлық немесе консалтингтік компаниялардың жыл сайынғы есептік жарияланымын ұсыну қарастырылады. Онда Үкіметтің және өндіруші компаниялардың арасындағы есептер салыстырылып, салық түсімі ескеріледі. Осы арқылы бұл бастаманы іске асыру барысында жұртшылыққа бюджет түсімі айқындалып, тиісті ақпарат беріледі, сондай-ақ инвестициялық ахуал көрсетілетін болады.

Дөңгелек үстел бірнеше секциялар бойынша өтіп жатыр. Онда Қазақстанның әлемдік үдерістегі ролі бойынша тақырыптағы мәселелер талқылануда. Шара барысында мемлекеттік органдардың, «KazEnergy» қауымдастығының, Дүниежүзілік банктің, сондай-ақ еліміздегі компаниялардың өкілдері баяндама жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар