Елордада Қазақстан пен Польша кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтуде

None
None
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін, қазанның 2-сінде елордада Қазақстан мен Польша кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтуде.

 

Жиын Польша Премьер-министрінің орынбасары - Экономика министрі   Вальдэмар Павляктың Қазақстанға ресми сапары аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараның басты мақсаты екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, іскер байланыстар орнату деңгейін арттыру болып табылады. Сонымен бірге, жиын барысында қазақстан-польша бірлескен өндірістерін ұйымдастыру мен құру мүмкіндіктері талқыланып, экономиканың түрлі секторлары бойынша екі ел аумағындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қарастырылмақшы. Польша делегациясының құрамында ауқымды іскер топтар мен ресми ортаның өкілдері, түрлі салалардағы ірі компаниялардың өкілдері бар болып отыр. Атап айтқанда, форумға польшалық құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, өнеркәсіп, мұнай мен газ салаларында қызмет ететін компания өкілдері атсалысуда.

Жалпы алғанда форум жұмысына екі елдің 60-тан астам компаниялары қатысып отыр. Жиын барысында Польша Премьер-министрінің орынбасары - Экономика министрі   Вальдэмар Павляк құттықтау сөз сөйлеп, форум жұмысына жеміс тіледі. Сонымен бірге, В. Павляк  Қазақстан мен Польша арасындағы саяси-экономикалық қарым қатынастың жоғары деңгейде екендігін айта келе, бизнес-форумның өзара ынтымақтастықты одан сайын тереңдетуге септігін тигізетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар