Елордада Қазақстан мен Мажарстан арасында бірнеше құжатқа қол қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийарто келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша үш құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық баланыстар және сыртқы істер институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді.

Сонымен қатар Дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Мұнымен қоса, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастық бағдарламасына да қол қойылды.



Соңғы жаңалықтар