Елордада Қазақстан мен Әзербайжан сыртқы істер министрліктері консультациялар өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 25 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Әзербайжан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов бастады.

Кездесу барысында басты назар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 2-3 сәуірдегі Әзербайжанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізген уағдаластықтарын жүзеге асыру мәселелеріне салынды.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты, көпжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша екіжақты консультациялардың жүйелі түрде өтуінің маңыздылығы аталып өтті.

Соңғы жаңалықтар