+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі

2021 жылғы 30 сәуір 15:44
Бөлісіңіз:
Елордада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл елімізде көктемдегі маңызды мерекелердің бірі, оның құрметіне елордада жыл сайын көптеген мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Astana Mining&Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр Елордада «Автомобиль» жедел алдын алу шарасы барысында ұрланған 28 көлік табылды Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» XXII халықаралық фестивалі өтеді

Елордалық мектептердің сайттарында 30 сәуірде «Қазақстан – достық мекені!» ашық сабағын көруге болады.

М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында 30 сәуір күні «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» онлайн-Тэйбл-talk өтеді. Сонымен қатар, сарай ұжымы мен шешен-ингуш этнолингвистикалық-мәдени орталығы «Достық сәлемдеме!» челленджін бастайды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында осы күндері елорда ҚХА ЭМБ басшыларының, өкілдерінің бейне құттықтаулары жарияланатын болады.

Мерекеге орай қаланың мәдениет мекемелері көптеген іс-шаралар дайындады.

NOMAD City Hall сахнасында 1 мамырда «Бірлігіміз жарасқан, Қазақстан» мерекелік концерті өтеді.

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының кіші сахнасында 1 мамыр күні сағат 18.00-де К.Людвигтің «Примадонны» комедиясы өтеді. Ал келесі күні аталмыш театр көрермендерді В.Шукшиннің «Светлые думы» әңгімесі бойынша сахналық қойылымымен қуантады.

1 және 2 мамыр күндері қуыршақ театрында С.Жүнісовтің «Атамекен» драмасы көрсетіледі. Спектакльдер сағат 12.00, 14.00 және 16.00 уақытында басталады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де мерекеден шет қалмайды. Бірлік күні № 5 көпшілік кітапханасы «Жүз этнос – бір халық» балалар суреттері мен шығармашылық жұмыстарының онлайн көрмесін өткізеді. Ал № 12 көпшілік кітапханасы әлеуметтік желілерде «Бірлігімен, достығымен және еңбегімен ел мықты» этнографиялық онлайн сюжетін ұсынады.

Көрермендер 1 мамыр күні сағат 14.30-да «Хабар» телеарнасынан «Ынтымақ мекені» мерекелік концертін тамашалай алады. Дәл осы уақытта «Астана» концерт залының сахнасында қала тұрғындарына арнап «Ынтымақ үйі» онлайн музыкалық шарасы ұйымдастырылады.

Достық үйінің Facebook және Instagram желілеріндегі аккаунттарында «ANK Live» студиясының тікелей эфирін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешенінің ресми аккаунттарында мерекеге орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» көрмесі өтеді. Мұнда 3 мамырда «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты дәріс ұсынылады.

Астаналық цирк өз кезегінде «Біз біргеміз» онлайн-іс-шарасын өткізеді.

Бейбітшілік және келісім сарайы 1 мамырға арнап Атриум залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісімнің символы» тақырыптық онлайн-экскурсиясын дайындап отыр.

3 мамырда Сәкен Сейфуллин музейінде «Ел тірегі – татулық» онлайн фото-көрмесі өтеді.

Айта кетейік, елордадағы іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT