Елордада «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихи очерк» атты кітаптың тұсауы кесілді

None
None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сараптық кеңес әзірлеген «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихи очерк» атты кітап оқырман қолына тиді.

«Бұл кітаптың мәні де мағынасы да Ассамблеяға арналған. Қазақстан бір күнде көпұлтты мемлекет болып құрылған жоқ», деп атап өткен ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың айтуынша,, монографияда еліміздің қалыптасуы, 19 ғасырдан бастап қазақ даласындағы үлкен оқиғалар, оның ішінде халықтың санына байланысты өзгерістер қалай, қандай тұрғыда жүргізілді, қандай саяси астары болды деген көптеген мәселер көтеріліп, көп ұлтты Қазақстан деген бір сөздің аясында қандай терең мағына жатқандығы турасында ойлар қозғалған.

«Бүгінгі жастар мен болашақтағы еліміз жалпы осы көпұлтты Қазақстанның қандай деңгейде, қалай қалыптасқандығы жөнінде білгендігі маңызды. Өйткені ғылыми ортада, әсіресе білім саласында әртүрлі үрдістер өтіп жатыр», деген Е.Тоғжанов саяси қуғын-сүргін жылдарында елімізге 62 ұлт өкілдерінің жер аударылғандығын да атап өтті.

ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісінің айтуына қарағанда, аталған еңбектің құндылығы - барлық оқиғалар тарихи тұрғыда бағаланған, сондай-ақ авторлар тәуелсіздікті, ұлттық бірлік пен ұйысуды нығайту үдерістерінің белсенді қатысушылары болып табылады.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2000 дана таралыммен жарыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар