Елордада «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихи очерк» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

None
None
і. ҚазАқпарат - Ертең, шілденің 2-інде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сараптық кеңес «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихи очерк» атты кітаптың тұсаукесерін өткізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына орай жарық көрген басылым елорда күні мерекесіне арналады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихи очерк» кітабы қазіргі заманғы көптілді Қазақстанның қалыптасу тарихына тұжырымдамалық тұрғыдан қарастырған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Очерк қазіргі Қазақстанның саяси және азаматтық тірегі - қазақстандық толеранттылықтың дүниеге келуінің күрделі және көпқырлы үдерісін тарихи тұрғыдан баға беруге тырысқан.

Кітап авторлары мұрағат құжаттары мен өзге деректерді зерттей отырып, Қазақстан неліктен көпэтносты елге айналғанын, этносаралық келісімнің айрықша үлгісінің қалыптасу үрдісі туралы сыр шертеді. Аталған еңбектің құндылығы - барлық оқиғалар тарихи тұрғыда бағаланған, сондай-ақ авторлар тәуелсіздікті, ұлттық бірлік пен ұйысуды нығайту үдерістерінің белсенді қатысушылары болып табылады.

Басылымда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен іс-қимылы жан-жақты көрсетіліп, біртұтас Қазақстан халқын құраған барлық этностардың мүдделерін жүзеге асыру жолдары айқындалған. Ассамблеяның даму тарихы - нақты стратегия мен мәселелерді шешу жолдарын іздеуден тұрады. Кітаптың мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сауатты ұлттық саясатының нәтижесінде 1990 жылдардан бастап қазіргі кезеңге дейін еліміз жүріп өткен этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің тарихи жолдарын қалыптастыруға нақты үлес қосу болып табылады.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2000 дана таралыммен жарыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар