Елордада Қазақстан-Австрия бизнес-форумы өтеді

None
None
СТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Мамырдың 11-інде, елімізге Австрияның Машина жасаушылар одағының делегациясы келіп, сапар аясында Қазақстан-Австрия бизнес-форумы өтеді.

Бұл ақпаратты ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі таратып отыр.

Бизнес-форум жұмысына Австрия машина жасаушылар одағының вице-президенті Бернд Вейлинг, машина жасау және металлургия саласындағы австриялық ірі компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қауымдастықтарының, ұлттық компанияларының және бизнес ортасының өкілдері қатысады.

«Бизнес-форумның негізгі мақсаты - Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны таныстыру және Австриямен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, технологияларды трансферттеу әрі Қазақстан аумағында бірлескен өндіріс орындарын құру мәселелерін талқылау», делінген баспасөз баянында.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Австрияның Машина жасаушылар одағы арасында машина жасау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ.

Соңғы жаңалықтар