Елордада «Қазақ тілі - саяси коммуникацияда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

None
None
АНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі - саяси коммуникацияда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Алқалы жиын Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының тапсырысымен Гуманитарлық-саяси конъюктура орталығы әзірлеген қазақ тілінің саяси коммуникациядағы орны туралы сараптамалық баяндама төңірегінде өрбіді.

 Қор директоры Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, аталған баяндама қазақ тілінің толыққанды саясат тіліне айналуына кедергі болып отырған факторларды анықтау үшін әзірленген. Осы орайда баяндама авторлары қазақ тілінің саясатқа белсенді енуіне басты кедергі болып отырған себеп, саяси элитаның күнделікті жұмыс тілі әлі күнге дейін орыс тілі болып отырғандығында деген ортақ пікірге келген.

 Осы баяндаманы таныстырған  Гуманитарлық-саяси конъюктура орталығының вице-президенті Мұхит Асанбаевтың пікірінше, биліктің орталық органдары құжат әзірлеуде, ресми жиналыстарда сөз сөйлегенде және басқа да жағдайларда қазақ тілін қолдануға көшуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде басты назар үміткердің мемлекеттік тілді білу дәрежесіне аударылуы қажет.

 Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастықтың өкілдері мен саяси лингвистика және тіл білімінің мамандары қатысты.

Соңғы жаңалықтар