Елордада «Қазақ елі» сәулет мүсін кешені ашылды

None
None
sp;Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бұл кешен - егемендік  пен тәуелсіздіктің, еркіндік пен теңдіктің туын көтерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі.

Қазақтың киіз шежіресі - көне түркінің тасқа басқан таңбасындай мәңгілікке қалыптасатын мол мұра. Бүгін елордада «Қазақ елі» сәулет мүсін кешенінің ашылу салтанаты барысында сөз сөйлеген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бас алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргелі ел, жоралы жұрт, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны - оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің асқақ рухының арқасы. Еуразия атты қарт материк талай аласапыран оқиғаларды бастан өткізсе де, осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшы-қиыры жоқ ұлы даланы үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғалы бері мекен етіп келе жатқан халқымыз әр кезде де бостандық, еркіндік, азаттық ұғымдарымен ұлықталып келеді. Оған ұлы уақыттың өзі куә. Еркіндік және теңдік, егемендік және тәуелсіздік қай халық үшін де қадірлі ұғым. Бұл қазақ үшін тіпті де қасиетті ұғым. Мұны түсініп қана қоймай, түйсіну үшін үлкен ұғым керек. Елім деп соққан зор жүрек керек, жерім деп соққан жалынды сезім керек. Адам болып өмірге келу де, азамат болып қалыптасу да, тізгін ұстап ел басқару да, сол елдің тұғырлы тұтқасына айналу да алдымен тәңірдің, сосын халықтың арқасы. Тағдыр Қазақстанға бұрын-соңғы болмаған тамаша мүмкіндіктерді сыйға тартты. Сол еркіндік пен теңдіктің, егемендік пен тәуелсіздіктің туын көтерген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі қазақтың киіз шежіресіне көне түріктің тасқа басқан таңбасындай мәңгі қалатын мол мұра», деді И. Тасмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, салтанатты шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов және Парламент депутаттары, ел Үкіметінің, қала мәслихатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен мыңдаған қазақстандықтар және елорда қонақтары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар