+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Елордада қайырымдылық велошеру өтеді

2019 жылғы 7 тамыз 11:21
Бөлісіңіз:
Елордада қайырымдылық велошеру өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 10 тамызда сағат 19:30-да «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстанда донорлық жүректі бірінші рет трансплантациялаудың жеті жылдығына арналған шара аясында қайырымдылық велошеруі мен MOLDANAZAR тобының концерті ұйымдастырылады.

Шеруге қатысушылар Керей-Жәнібек хандар көшесімен және Тұран даңғылымен жүріп өтеді. Ұзындығы 12 шақырымды құрайтын маршрут Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының тұрағынан (Тұран даңғ., 38) басталып, Тұран даңғылымен «Астана жұлдыздары» монументіне дейін (Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жол) жалғасады. Қатысушылар осы жерден кері бұрылып, Тұран даңғылымен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына дейін жүреді. Мәреде бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылады, ал жиналған қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында велошеру барысында аталған көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Айта кетейік, қашықтықты бағындыруға 60 минут уақыт беріледі.

Велошеруге 16 жастан асқандардың барлығы қатыса алады, ол үшін «Жүрек орталығы» корпоративтік қорының сайтында тіркелу керек. Тіркелу құны – 5 мың тг. Бірінші болып тіркелген 300 қатысушыға қордың фирмалық белгісі бар зат сыйлық ретінде беріледі.

Шараға донорлық жүрек салынған пациенттер мен осы бірегей операцияларды жасаған дәрігер Юрий Пя бастаған мамандар да атсалысады.

«Сау жүрек айлығы» қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ бастамасымен құрылған «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры.

«Жүрек орталығы» қоры – клиникада ғылыми және білім беру қызметін дамыту және жалпы, Қазақстан бойынша кардиохирургиялық қызметті жетілдіру мақсатында құрылған еліміздегі осындай алғашқы және жалғыз қор.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT