Елордада қайтарылып алынған жеті жер телімі аукционда 1,5 млрд теңгеге сатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада пайдаланылмаған жер учаскелері сот шешімімен мемлекетке қайтарылып, сауда-саттыққа шығарылды. Жеті жер телімі 1,5 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық Әділет департаментінің Мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау бөлімінде жыл басынан бері мақсатты пайдаланылмаған жер учаскелерін алу бойынша 18 атқарушылық іс жүргізілген.

«Осыған байланысты сот шешімі бойынша мәжбүрлеп алынған, сол сияқты мақсатты пайдаланылмаған 7 жер учаскесі бөлімнің сот орындаушысымен сауда-саттыққа шығарылып, жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам сомаға сатылды», делінген хабарламада.

Әділет департаменті қазіргі уақытта 10 атқарушылық іс жүргізуді аяқтады (7-еуі толық көлемде орындалды, 3-еуі сот шешімінің күшін жоюға байланысты тоқтатылды). Мемлекетке қайтарылған жер учаскесінің біреуі сауда-саттыққа шығарылды, 7 атқарушылық іс жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар