Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Елордада «Қайқая шапқан қарагер» атты театрландырылған қойылым өтеді

2019 жылғы 15 мамыр 12:12 518
Бөлісіңіз:
Елордада «Қайқая шапқан қарагер» атты театрландырылған қойылым өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында Оспан Батыр Исламұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Қайқая шапқан қарагер» атты музыкалық-театрландырылған қойылым өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаймана қазақтың хас батыры Оспан Исламұлының (1899-1951) 120 жылдығына арналған «Қайқая шапқан қарагер» атты еске алу кешін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырып отыр. Демеуші - «ЕР ЖӘНІБЕК» халықаралық қоғамдық қоры. Кеш 20 мамыр күні, сағат 19.00 -де «Астана» концерт залында өтеді.

Кеш аясында Е. Тоқсабановтың «Қайқая шапқан Қарагер», Т. Жахиннің «Бабалар мекені - Алтай», «Оспан батыр», Ғ. Қабибекұлының «Оспан батырдың соңғы сөзі», Халық Ризабектің «Сұлубай арман», Е. Зейіпханның  «Көк тудың желбірегені», Сұлубайдың «Сұлубай», Бүркітбайдың «Ой, Ғайша» сынды туындылармен бірге «Көзіңнің мөлдірін-ай», «Ағажай Алтай», «Елік-ай, әттең, шіркін», «Кербезім-ай», «Қайран, Алтай, Марқакөл» сияқты халық әндері тарту етіледі.

Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Ерлан Рысқали, Ибрагим Ескендір секілді эстрада жұлдыздары мен «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Әлем» эстрада би ансамблі, «Қаллеки» театрының актерлері қатысады.



 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бақытжол Кәкеш

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT