+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Елордада қай пәннің мұғалімдері жетіспейді

2020 жылғы 23 қыркүйек 15:32
Бөлісіңіз:
Елордада қай пәннің мұғалімдері жетіспейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы қала мектептерінде қай пәннің мұғалімдері жетіспейтіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан қаласында негізінен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ арнайы білімі бар мектепке дейінгі мұғалімдер қажет», - деп жауап берді басқарма ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы мектепке кадрлардың, мұғалімдердің жетіспеушілігі мәселесін бірнеше жолмен шешуді көздеп отыр. Атап айтқанда мұғалімдерді елордада жұмыс істеуге тарту үшін университет түлектерімен жазда онлайн кездесулер, ашық есіктер, жәрмеңкелер, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлектерімен кездесулер өткен.

«Елорда мектептерінің директорлары бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты (Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті). Олар enbek.kz порталында үміткерлерді (соның ішінде аймақтардағы жұмыс істейтін мұғалімдерді) қарастыруда. Кадр тапшылығын жою үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жыл сайын студенттерді педагогикалық мамандықтарға оқытуға мемлекеттік тапсырысты арттырып жатыр. 2019 жылдан 350 орынды жас педагогтарға арналған жатақхана ашылды. Осылайша, кадр тапшылығы мәселесі шешілуде», - деді басқармадан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT