+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Елордада қай көшелерге жөндеу жүргізілді

2020 жылғы 5 маусым 07:31
Бөлісіңіз:
Елордада қай көшелерге жөндеу жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жол жөндеу белсенді жүргізілуде. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделеді, оның 100 көшесі тұрғын алаптарында орналасқан, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда 30 жылдан артық бос тұрған тарихи нысан жөнделіп жатыр СҚО әкімдігі қар үстіне төселген асфальтқа қатысты жағдайды түсіндірді «Ақтөбе-Қандыағаш» тасжолының құрылысы биыл басталады

Мәселен, Шұғыла, Бұхарбай батыр, Асан Қайғы көшелері, Абай, Жеңіс, Тұран даңғылдары, М. Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Нұржол бульвары, Мәскеу көшесі, «Тұлпар» көпірінің астындағы айналма жол, Таха Хусейн көкшесі, С. Торайғыров көшесі, Нұрлыжол көшесі, Bi Village, Family Village апаратын жолдағы 15 орталық көшедегі жөндеу аяқталды. Қазір 30 көшеде жөндеу жүріп жатыр.

Атап айтқанда Сәтбаев, Конституция көшелері және тұрын алаптары жөнделуде. Қаланың барлық тұрғын алаптары қамтылады деп жоспарланған. Айта кетейік, жұмыс кезінде санитарлық талаптап сақталуда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 15 мың жұмыс орны, ал жол жөндеу жұмысары аясында 1,5 мың жаңа орын ашылады. Бірінші кезекте Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылады.

«Бұл салада жұмыс істеп жатқаныма 13 жыл болды. Бүгін елорданың басты көшелерінің бірін жөндеп жатырмыз. Жұмысымды ауыстырғым келмейді, қала тұрғындарына жайлылық жасаған ұнайды. Жақында Мәңгілік ел көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аумақты бітірдік. Бұл көшені де бір-екі күнде аяқтаймыз», - деді учаске шебері Дмитрий Кушакеев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT