Елордада қатты жел соғып, бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жұма және сенбі күндері қатты жел соғып, дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«24 мамыр күні күндіз, 25 мамырда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25 мамырда күндіз кей уақытта желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді және найзағай ойнап, бұршақ жаууы, дауыл тұруы ықтимал» делінген хабарламада.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар