Елордада кастетпен ұсталған азамат бас бостандығынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - К. есімді азаматтың автокөлігін тексеру кезінде «кастет» деген металдық зат табылған болатын. Көлік жүргізушісі оны заңсыз ұстап жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен К. ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. ҚР ҚК 58-бабының 3, 6-бөлігіне сәйкес, ауыр жазаның жеңіл жазаны өзіне сіңіру жолымен, басқа үкімдегі жазаны есепке ала отырып, нақты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген соттың ресми сайтында.

Айта кеткен жөн, ҚР Қылмыстық кодексі 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ауыр немесе аса ауыр қылмыс кірсе, онда түпкiлiктi жаза онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы немесе жазаларды iшiнара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазаны жиырма жылдан асыруға болмайды.

Соңғы жаңалықтар