Елордада кәсіпкерлікті дамыту гранттарына 345 млн теңге бөлінді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мемлекеттік гранттарға 345 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жыл сайын мемлекеттік гранттар тағайындайды. Биыл мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау 1 сәуірден 15 сәуірге дейін жалғасады. Жалпы, осы жылға жергілікті бюджеттен 345 млн теңге бөлінді. Бұл 69 жобаға жеткілікті. Бөлінген қаражаттың 20 пайызы халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталады. Оның ішінде 45 млн теңге жастарға арналған гранттарға беріледі», - деді ол.

Осы ретте Қуаныш Сапаров бағдарламаға биыл енгізілген өзгерістерге тоқталды.

«Бағдарламаға Нұр-Сұлтан қаласында өз ісін жүзеге асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Жалпы, әр грант сомасы – 5 млн теңгеге дейін. Грант алуға қатысу, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін бизнес жобаның міндетті шарттары мынадай: жаңа бизнес идея құру, кәсіпкер сұрап отырған гранттың 10 пайызынпа өз қаражатының болуы, жаңа жұмыс орнын құру», - деді басқарма басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар