Елордада «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 шілдеде Жетісу саябағында шетелде тұратын қандастарымыз қатысқан «Open air» форматында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өткен өнер фестивалі қазақ мәдениетінің рухани және материалдық бірегейлігіне сүйене отырып, дарынды жастарды анықтауға, оларды Қазақстанға тарту арқылы одан әрі ілгерілетуге бағытталған. Фестиваль фольклорлық өнердің бірегей жанрларын, музыкалық және қолданбалы өнердің бірегей үлгілерін сақтауға, сондай-ақ шетелде тұратын отандастардың шығармашылық және білім беру әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді.

«Елбасының саясатының арқасында 27 жылда 1 млн қазақ елге оралды. Бүгінгі күні тағы да 1 млн қандасымыз елге ораламыз деп ниеттеніп отыр. Бірақ, біз оларға тисті жағдай жасауымыз керек. Әр келген отбасыны жұмыс пен баспанамен қамтамасыз етуміз қажет. Соның төңірегінде 2 жобаны бастадық. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласының жанында, екіншісі Сарыағаш ауданында. Амандық болса ол үлкен бастама болады. Ары қарай келген азаматтарға тиісті жағдайдың бәрін жасаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков өзінің құттықтау сөзінде.

Фестивальда 4 номинация бойынша байқау ұйымдастырылып, келесі жеңімпаздар анықталды:

Мүшайра номинациясы бойынша: бірінші орын Қабылбек Қажыкенұлы -Қытай, екінші орын Қуанышбек Ілияс - Қытай, үшінші орын Жанат Бесікбайтегі - Моңғолия. Гран при жүлдегері Моңғолиядан келген Дана Исағұлға бұйырды.

Терме номинациясы бойынша: бірінші орын Бауыржан Ермекбаев - Өзбекстан, екінші орын Айдынгүл Бахытәлі - Қытай, үшінші орын Асхан Хадырбек -Монғолияға

Халықтық-қолданбалы өнер номинациясы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: бірінші орын Бадиға Бағдалқызы - Қытай, екінші орын Алибек Нишанбаев - Өзбекстан, үшінші орын Махса Бекдер - Иран.

Соло вокал (ұлттық әндер) номинациясы бойынша: бірінші орын Қүлжиян Қапышева - Ресей, екінші орын Фарида Қобяшқызы - Қытай, үшінші орын Захан Нұрмағанбет - Моңғолия.

Байқауға қатысушыларды бағалаған қазылар алқасы - Шалқар радиосының бас редакторы, «Дарын» сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, тарихшы, археология зерттеуші Татьяна Крупа, әнші, композитор, ҚР мәдениет қайраткері Дәулеткерей Ризабекұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» сыйлығының лауреаты Айгүл Қосанова.

Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер ниверситетінің ректоры Айман Мұсақожаева байқау жеңімпаздары Қазақ Ұлттық өнер университетінде тестілеу нәтижесімен емтихансыз мемлекеттік грант негізінде оқуға мүмкіндік алатындығын жеткізді.

Атап өтер жайт,, «Шарын» шатқалының әсем көрінісі жанында орналасқан үлкен сахнада фестиваль қатысушылары ең үздік музыкалық композициялар орындады. Саябақ аумағында киіз үйден тұратын этноауыл, келушілердің қолөнер шеберлерінің жұмыс жасау барысымен таныстырса, этно-өнімдерді сатуға арналған көрме-жәрмеңке шығыс базары орын алады.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтарының қазақ халқының рухани мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын көріп сезінуге мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар