+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елордада қаржы пирамидасын құрған әйел адамдарды алдап 60 млн теңге жинап алған

2019 жылғы 16 қараша 09:44
Бөлісіңіз:
Елордада қаржы пирамидасын құрған әйел адамдарды алдап 60 млн теңге жинап алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың құқық қорғаушылары азаматтарды қаржы пирамидасынан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жуалылық тұрғын 4 келіге жуық «гашиш» есірткісін көмбеде жасырған Қарағандылық барымташы Ақмола облысынан 50 жылқы ұрлаған Жазасын өтеп жатқан ағасына жасырып ұялы телефон өткізбек болған - Қызылорда

Қазіргі уақытта қала сақшылары қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қала тұрғыны (әйел) мен оның бірнеше сыбайласы бойынша іс жүргізіп жатыр. Істің жүргізілуіне 30 салымшының полицияға арыздануы себеп болып отыр. WhatsApp арқылы «Реальные доходы 1», «Реальные доходы 2» және «Триумф» чаттарын құрып, әйел астаналықтар мен басқа да өңірлерде тұратын азаматтардың ақшасын жинап алған.

«Азаматтардың сенімін, қаржылық сауатының аздығын пайдаланып, күдікті оларды бұл жобадан ешқандай қауіп жоқтығын айтып сендірген. Жобаға ақша салған адам 5-15 күннің ішінде 100 пайыздық кіріске ие болатынын алға тартқан. Азаматтар осылайша, жобаға 20 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақша салған. Салымшылардың басым көпшілігі ақшасын қайтара алмаған», - деп хабарлайды департаменттен.

Осылайша, тергеу нұсқасына сай, әккі әйелдің 32 адамды алдап, 60 млн теңге иемденгені анықталып отыр. Алайда алданғандардың саны одан да көп болуы мүмкін.

«Егер сіз немесе жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасына ақша салып, алданған болса, Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайындағы полиция департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаменті азаматтарды қаржы пирамиадасынан сақ болуға, күдікті қаржылық ұйымдарға ақшаны салмауға шақырады. Құқық қорғаушылар егер бір адамдар сіздерді қысқа мерзімнің ішінде мол кіріске ие боласыз деп сендірсе, алдыңызда қаржы пирамидасы тұрғанын, оған салған ақшаңызды жоғалтып алатыныңызды ескертеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT