Елордада қарттарға арналған мерекелік шара өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Астана» концерт залында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға елорданың гүлденуіне өзіндік үлес қосқан зейнеткерлер мен ардагерлер құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, шаһарда 80 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның 57-сі – ҰОС ардагері болса, 25 мыңы – мүмкіндігі шектеулі жандар.

«Қала әкімдігі қарияларды қолдаудың барлық механизмдерін пайдаланып келеді. Заң аясындағы – ардагерлерге арналған жеңілдіктер, медициналық көмектен бастап, қарттарды кәсіби , ұлттық мейрамдар аясында профильді мекемелер тарапынан жәрдем көрсету жөнінде бастаманы ұдайы көтеріп жүр. Қала бойынша қарттардың қоғам өміріне белсенді араласуына мейлінше жағдай жасалып жатыр. Парктерден бастап, спорттық алаңдарға дейін біздер қарияларымыздың қоғам өмірінен тыс қалмай, жастармен бірге қайнаған өмірдің ортасында жүргенін көреміз», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Мемлекеттік саясатымыз қарттарымыздың этнопедагогикалық, дәстүрлік маңызын да жоғары бағалайды. Сын сағаттарда, қоғамды елең еткізер оқиға кезінде ақсақалдарымыздың ақыл-кеңесін шамшырақ қылып алған кездер аз емес. Ал қарияларымыздың сөзі мен ісі мектептен бастап, үлкен лауазым иесіне дейін әлдеқашан үлгі болып қалған. Қарттарымыздың әсіресе – отбасы институтының беріктігіне, тәлім-тәрбие беру ісінде атқарған жұмыстары ұшан-теңіз.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен барлық мемлекеттік органдары қарияларымызға құрмет ешқашан толастамайтынын айта келіп, атаулы мерекемен құттықттайды. «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар», ендеше қариясы бар елміз деп айту барлық қазақстандықтар үшін – мақтаныш», - деді Бақтияр Мәкен.

Соңғы жаңалықтар