Елордада қарияларға "қамқоршыл" қылмыскер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері егде жастағы әйелді тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Анықталғандай, ер адам көшеде келе жатқан 85 жастағы әйелдің қасына барып, азық-түлік салынған сөмкесін үйіне апарып бермек болды. 44 жастағы ер адамның әжейге бұған дейін де көмектесіп жүргені белгілі болды. Кейінірек ол үйдің кіреберісінде әйелдің пәтерден шыққанын күтіп тұрған. Ол есікті ашқан кезде, пәтеріне кіріп алған ер адам күш қолданып, зейнеткердің алтын сырғасы мен кәдесый пышағын алып кетті.

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған, жұмыссыз қала тұрғынын ұстады.

Қазіргі кезде ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы анықталу үстінде. ҚР Қылмсыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлімімен сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған адамның әрекетінен зардап шеккен, немесе оның заңға қайшы іс-әрекеттері туралы қосымша ақпараты бар азаматтар Сарыарқа аудандық полиция басқармасына (Ақбұғы көшесі 2-үй) келуге немесе 71-60-80, 71-63-16, 71-60-28 немесе 102 нөміріне хабарласуы керек.


Соңғы жаңалықтар