Елордада қарапайым заттарды өндірушілерге жеңілдіктер ұсынылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазір халық тұтынатын қарапайым заттар экономикасы саласына аса мән берілуде. Біздің бағдарлама «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен ұқсас келеді. Бағдарламаның ерекшілігі төмен пайызбен несиенің берілуі. Себебі бүгінде көптеген екінші деңгейлі банктер несиені кемі 15 пайыз мөлшерлемемен береді. Және бір ерекшелігі бағдарлама негізінде несиені 7 жылға дейін алуға болады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, кәсібін дөңгелеткісі келіп несие алған кәсіпкерге мемлекет тарапынан 50 пайыз кепілдік беріледі.

«Биыл отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін үшін пайыздық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын қарапайым заттар экономика атты жеңлдетілген бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудағы мақсатында республикалық бюджеттен 600 млрд теңге қарды бөлінді. Оның ішінде аграрлық сектордағы өңдеуге 100 млрд теңге, аграрлық саладағы өндіріске 100 млрд теңге және өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерге 400 млрд теңге бөлінді», - деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының өкілі аталған қаржы еліміздегі екінші деңгейлі 9 банкке таратылғанын айтты.

«Бағдарламаның талаптары бойынша ЕДБ 15 пайыз көлемінде несие береді, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады», - деді Б.Жолболдиев.

Соңғы жаңалықтар