Елордада карантиннен шыққан басқа қаланың тұрғындарына арнайы көлік бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 14 күн бойы карантинде болған басқа қаланың тұрғындарына арнайы көлік бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Барлық азаматтар шет елден ұшып келген. Оларда коронавирус табылмаған, енді олар Алматы, Павлодар, Петропавл, Қарағанды және де басқа қалаларға өз үйіне қайтатын болды.

«Біз 24 наурыз күні Дубайдан ұшып келдік. Дәл сол күні карантинге «Ramada Plaza» қонақүйіне орналастырды. Қонақүйде болған 14 күн ішінде коронавирусқа байланысты бірнеше рет сараптама жасады. Барлығы жақсы болды», - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Әйгерім Оразалина. Қарағандылық Ирина Лехман Нұр-Сұлтанға Германиядан ұшып келген. Қалаға түскеннен кейін басқа да жолаушылармен бірге «Ramada Plaza» қонақүйіне орналастырылған. Карантиннің келесі күндерінде ауруханада болған.

«Бізден бірнеше мәрте сынама алынды. Барлығы да теріс нәтиже көрсетті. Қонақүйдің тағамдары, бізді күткен медицина қызметкерлері де өте жақсы болды. Барлығы үшін ризашылық білдіреміз», - дейді Ирина Лехман.

Өзге қалаларда тұратын азаматтар үйге қайту үшін көлік ұйымдастырғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар