Елордада карантин талаптарын елемей отырған тұрғындар әлі де бар - полиция

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин талаптарын бұзып, заңды елемей отырған азаматтары әлі деп жетерлік. Оларды елордалық полиция қызметкерлері арнайы тексеру барысында анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда қатаң карантин шараларына қарамастан, кейбір азаматтар су қоймаларына демалысқа шығып, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуды тоқтатпай отыр.

Полиция және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзен жағалауларында азаматтарға арнайы брошюралар таратып жүр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің өкілдері тұрғындарға карантин кезінде қалалық жағажайларда суға түсуге қатаң тыйым салынғанын еске салады.

Азаматтардың рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуіне жол бермеу, маска режимі мен карантинді сақтау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері Есіл, Ақбұлақ өзендерінің жағасында, сондай-ақ Триатлон саябағы ауданында арнайы рейд шараларын өткізді.

«Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ереже бұзған 15 тұлғаны әкімшілік жауапқа тартты. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 7 заңды тұлғаны жағалау бойындағы Мақатаев көшесінде суға шомылуға жол бергені үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 364-бабының 1-бөлімімен жауапқа тартты. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары азаматтардың санитарлық норма және әлеуметтік қашықтықты ұстану ережелерін сақтау туралы түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді»,-делінген полицияның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар